Мойынқұм ауданының шалғай жатқан Хантау ауылында таза сумен жабдықтау және су тарату құрылысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан басшылары, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аталған нысан 900-ге жуық тұрғыны бар Хантау ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 533,0 миллион теңгені құрайды. Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Рәсім барысында нысанның лентасы қиылып, арнайы тетік іске қосылып, су жүйесі ресми түрде пайдалануға берілді. Бұл тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған игі істің бірі. Жалпы, бүгінгі таңда Мойынқұм ауданындағы шалғай ауылдардың барлығын таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді.