7-млн ға жуық балаға 130 доллардан берілді. Жоба іске қосылғалы бері жинақталған қаражат көлемі тұрақты өсіп, балалардың есепшотындағы жалпы сома бірнеше жыл ішінде шамамен 370 доллар деңгейіне жетті. Бұл – ел қазынасынан жігерлі жастың ертеңгі күніне жасалған жоспар - дейді жауаптылар.

Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Оның басты мақсаты – Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балалардың болашағына бағыттау. Жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық Қазақстан азаматтары арасында тең бөлінеді. Ал оған қатысу үшін қатысу үшін арнайы өтініш беру қажет емес. Бала Қазақстан азаматы болса, ол автоматты түрде қатысушылар тізіміне енгізіледі.