Жамбыл облысында полиция қызметкерлері «Заңсыз келуші – 2026» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды.Іс-шараны өткізу кезеңінде полицейлер шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын бұзуына қатысты 563 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Еңбекті заңсыз жүзеге асыру тыйылмай тұр. Полиция тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген 226 шетелдік азаматты анықтады. Сонымен қатар, ішкі істер органдарын шетелдіктердің келуі туралы уақтылы хабардар етпеу, қабылдаушы тараптың ел аумағында белгіленген ережелерін сақтамаған 141дерек және шетелдіктерді рұқсатсыз, заңсыз жұмысқа тартқан 37 жұмыс беруші де анықталды. Шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болу мерзімін сақтауын бақылауға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде шетелдіктердің Республика аумағында уақытша болу мерзімін қысқартудың 55 дерегі тіркелді. Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері іздеу жарияланған жеті қылмыскердің орналасқан жерін анықтады, олардың алтауы -шетелдік азаматтар.