Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын бірлесіп басқарады. Мәжіліс трансшекаралық су объектілеріне қатысты келісімді ратификациялады. Құжат аясында Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясы құрылады. Ол трансшекаралық өзендер мен су нысандарына қатысты мәселелерді үйлестіреді. Құжатқа 2025 жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қол қойылған. Келісімнің негізгі мақсаты - екі елге ортақ су ресурстарын тиімді пайдалану және мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Яғни, суға таласпай, бірлесіп бөлу.