Маусымның 3 – жексенбісі әкелер күні. Осыған орай №66 келешек мектебінде әкелер күніне орай кездесу өтті. Үйдегі кездесу бөлек, мектепте жүздесу бөлек әсер сыйлайды – дейді ұстаздар.


Мектеп жанынан отбасыда Әке тәрбиесінің рөлін насихаттау мақсатында «Әкелер мектебі» құрылған. Мұнда балалар тәрбиесіне әкелердің белсенді араласуына мүмкіндік береді. Осы мақсатта әкелер мен балалардың бірлескен қатысуымен «Әкелер сағаты», «Әкеммен бірге кітап оқимын», «Әкемнің жұмысындағы бір күн» секілді түрлі танымдық, спорттық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.