Сарысу ауданында жасөспірімдер арасындағы ашық шахмат турнирінің ашылу салтанаты өтті. Ол Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовті еске алуға арналп отыр. 


Дәстүрлі турнирге еліміздің әр өңірінен жас шахматшылар жиналды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Тараз және Ақтөбе қалаларынан, сондай-ақ Жамбыл мен Түркістан облыстарынан келген 130 спортшы бақ сынауда.