Таразда «Сұлтан Бейбарыс» тарихи драмасының премьерасы өтті. Қойылым Рахымжан Отарбаевтың шығармасының желісі бойынша сахналанған. Туынды даңқты билеушінің ғибратты ғұмыры мен азаматтық жолындағы күресін баяндайды. 


Сұлтан Бейбарыс туындысы рухты шығарма. Дешті Қыпшақ даласында туып, жат жерде құлдықтан Мысыр билеушісіне дейін көтерілген тұлғаның тағдырын бейнелейді. Ол орта ғасырларда Египет пен Шам аймағын қамтыған алып Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаған. Даңқты қолбасшының қайсар мінезі, көрегендігі мен әлем тарихындағы өшпес орны негізгі арқау.