Т.Рысқұлов ауданында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі кеңейтілген төралқа отырысы мен облыстық Әкелер форумы өтті. Іс-шара аясында облыстың әр ауданынан келген ардагерлер аудан орталығындағы Ардагерлер саябағында орналасқан Ардагерлер үйінің қызметімен танысты. Қонақтарға мекеменің жұмысы таныстырылып, ардагерлерге көрсетіліп жатқан қолдау мен жасалған жағдайлар көрсетілді.


Көшпелі кеңейтілген төралқа отырысында аудандардағы ардагерлер ұйымдарының бүгінгі қызметі сараланып, жұмысы бағаланды. Қоғамдағы аға буынның рөлі, жастарға тәрбие беру ісі мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.