Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және орналасу тәртібін жеңілдету Президент берген тапсырманың бірі болатын. Нәтижесінде, 2023 жылы «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі жеңілдетілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңірде мемлекеттік қызметшілер саны 4165 болса, оның 1345-і 35 жасқа толмаған жастар. Қазір бұл салада азаматтар үшін барынша ашықтық, әділеттілік жолында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Соның нәтижесінде ауыл-аймақта да жастар мемлекеттік қызметке тестсіз жұмысқа орналасуда.