Таразда тамыздың 23-інде өтетін Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды. Бүгін қала әкімі мен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы арнайы жиын өткізіп, жаңа конституциялық заңдардың талаптары мен сайлау қатысушыларының міндеттерін жан-жақты түсіндірді.
Жиында «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері таныстырылды. Атап айтқанда, Құрылтайдың 145 депутаттан тұратыны, олардың жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім негізінде 5 жыл мерзімге сайланатыны айтылды. Сондай-ақ депутаттыққа кандидаттарға қойылатын талаптар мен Құрылтайдың заң шығару саласындағы негізгі өкілеттіктері түсіндірілді.