Бір дауыс. 360 минут. Бір әлемдік мақсат. Жамбылдық Бақыт Шағырбаев алты сағат бойы бір сәтке де тоқтамай ән айтып, тарихта қалуға талпынып отыр. Бұл – жай ғана ән кеші емес, 114 тақырыпты қамтитын ерекше өнер сынағы. Жүздеген көрермен куә болған бұл сәт 109 елдің назарына ілікпек.
17 жасында қолына микрофон ұстаған Бақыт Шағырбаев содан бері сахнадан алыстаған емес. Елдің 245 ауылын аралап, халыққа тегін өнер көрсеткен әнші бүгінде 350-ге жуық әнді жатқа біледі. Ол әр шығарманы жаңылмай орындаудың жолы көп жаттығуда емес, әнге деген шынайы махаббатта дейді.