Кейде адам өмірі санаулы секундтарға тәуелді. Осындай сәтте заманауи медицина мен дәрігерлердің білімі шешуші рөл атқарады. ЭКМО аппараты, аз инвазивті хирургия және озық технологиялар бүгінде ауыр жағдайдағы мыңдаған науқасқа жаңа мүмкіндік сыйлап келеді.Өңірлік медицина да уақыт талабына сай дамып, жаңа белестерді бағындыруда. Қалалық көпсалалы аурухана мамандары заманауи жабдықтарды игеріп қана қоймай, өз тәжірибесін халықаралық деңгейде танытып жүр.
Тараздағы Қалалық көпсалалы аурухана мен консультативтік-диагностикалық орталық бүгінде медициналық көмектің жаңа үлгісін қалыптастырып отыр. 646 төсек-орынды ірі стационар құрамында 8 мамандандырылған бөлімше бар.Мұнда нейрохирургиядан нефрологияға дейінгі бағыттар бойынша мыңдаған науқасқа көмек көрсетіледі.