Ауылды жерлерде еңбегі еленіп, құрметке бөленіп отырған кәсіпкерлер бар. Олай деуіміздің себебі, белгілі бір істі бастап, соның жемісін көру кім – кімге болсын бұйыра бермейді. Ал, біздің кейіпкерлеріміз Қызылқайнар ауылында тұрады. Шағын ғана цехта тіл үйірер бәліштің үш түрі жасалады. Соның арқасында ауыл халқы мен өңіріміздің бірқатар ауылдарын табиғи таза өніммен қамтып отыр.
Перизат Юсупова кондитерлік цехын 11 жыл бұрын ашқан. Басында жұмыс та баяу болғанын айтады. Кейіннен барып бір жүйеге келтірген. Мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, арнайы пештер сатып алынған. Үйінің ауласындағы ғимаратты бизнесін жүргізуге пайдаланып отыр.