Әлеуметтік желіге тренд видео түсірудің соңы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған бірнеше жағдайды анықтады.


Кадрда мобилограф жүріп бара жатқан көліктің терезесінен автокөлікті бейнекамераға түсіру үшін көліктің терезесінен беліне дейін шығарып, өрескел әрекет жасаған. Полиция қызметкерлері қауіпті әрекеттерді дер кезінде байқап, жолын кесті. Көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция әлеуметтік желілерде көп қаралым жинау үшін түсірілген осындай видеолардың соңы адам өміріне қауіпті екенің ескертеді. Бір ғана абайсыз әрекет ауыр зардаптарға әкеліп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, Жамбыл облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігін қатерге тікпеуге шақырады.