Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасында мін болмауы тиіс. Егер сізге көрсетілген қызмет ұнамаса, «Telegram» мобильді қосымшасы арқылы шағымдана аласыз. Ал барлық келіп түскен арыздарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді. Биылдың өзінде Жамбыл облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтен 6 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған.


2024 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында шағым білдірудің жаңа тетіктерін қарастырған. Яғни, олармен кері байланыс орнату мақсатында арнайы қосымша іске қосылды. Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне баға беріп шағым жасай алады.