Судан да сақтану керек. Биыл шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қайғылы жағдайлардың көбі қараусыз қалған балалар мен қауіпті су айдындарында тіркеліп отыр.


Сақтық – сан тағдырды сақтайды. Қазақстанда судағы қауіпсіздік мәселесі әлі де өзекті. Айдын күннің аманында жастардың өмірі орта жолда қиылып жатқанына алаңдаған жауаптылар дабыл қақты. ІІМ ақпараты бойынша, ата-аналар немесе өзге де еріп жүрушілер демалыс кезінде жиі алкогольдік ішімдік тұтынады, соның салдарынан балалар қараусыз қалады.