Қазынадан бөлінген қыруар қаржының арқасында Тараз жолдары жаңғырып жатыр. 2026 жылы жалпы 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 14,8 шақырым жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынады.
Сонымен қатар, Рысбек батыр, Қойгелді және Асқаров көшелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаңартылған жолдар көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай қалыптастырады. Кең көше, келісті келбет атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты.