Таразда алимент бойынша берешегі бар және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды еңбекке тарту арқылы олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, заң талаптарын орындауына мүмкіндік жасау.


Жәрмеңкеге өңірдегі 20 жұмыс беруші түрлі мамандықтар бойынша 186 бос орындарын ұсынды. Келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, еңбек жағдайы мен жалақы көлемі туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандар жұмысқа орналасу тәртібі мен мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңес берді.