Негізгі Жаңалықтар ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға үйрету жобалары жалғасып жатыр

ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға үйрету жобалары жалғасып жатыр

Жасанды интеллектті жаппай меңгеру мақсатында әртүрлі жастағы азаматтарды оқыту жобалары жүзеге асып жатыр. Мәселен, 12-18 жастағы жасөспірімдерге арналған TUMO Astana орталығында бағдарламалау, робототехника, 3D-модельдеу, анимация және генеративті ЖИ бойынша тегін сабақ өтеді. Қазір орталықта 2 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал 18 жастан асқандарға Tomorrow School бағдарламасы бар. 14 өңірде іске қосылды. Қатысушылар 18 ай бойы білім алып, 50-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады және тағылымдамадан өтеді. Жоғары білім беру саласында AI-Sana бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Оның аясында 100 мыңнан астам студент саланы тереңдете оқыды. Сондай-ақ, ЖИ бойынша кәсіби мамандар даярлау үшін "Қазақ эй-ай рисёрч юниверсити" жұмысын бастады. 1 қыркүйектен бастап мұнда бакалавриат және магистратура дәрежесінде білім алу үшін 525 студент құжат тапсырған. Мемлекеттік қызметшілерді де үйрету жалғасып жатыр. AI Qyzmet бағдарламасы бойынша 55 мыңға жуық маман білім алды.


Бөлісу