Негізгі Жаңалықтар 164 шаруаны біріктірген кооператив мүмкіндіктері

164 шаруаны біріктірген кооператив мүмкіндіктері

Жайылма ауылдық округінде ауыл шаруашылығы қарқын алып келеді. Мұнда «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы құрылған «NUR TLEU» ауыл шаруашылығы кооперативі жер игеріп, мал азығын дайындаумен қатар, су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізіп отыр. Қазір шаруашылық құрамында 164 шаруа бар. Заманауи техникалармен жарақтанған кооператив ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға да үлес қосуда.


Бөлісу