Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері ЖРВИ жұқтыру былтырғымен салыстырғанда шамамен екі есеге аз тіркелді. Тұмаумен ауырғандар мүлде жоқ. Сондай-ақ елде жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ. Қыркүйек айында елде 52 мыңға жуық ЖРВИ жұқтырған науқас тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,8 есеге төмен. COVID-19 бойынша да төмендеу байқалады. Биылғы жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есе аз.