Таразда «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтті
Тараздағы «Жастар» аллеясында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Облыстың жергілікті шаруалары мен фермерлері облыс орталығына 22 тоннадан астам азық-түлік өнімін жеткізді. Қала тұрғындары жаңа піскен ет,сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидекті қолжетімді бағада сатып алды.