Жамбылда коммуналдық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Жамбылда коммуналдық жүйе жаңарып, тарифтердің негізділігі жіті бақылауға алынған. Биыл табиғи монополиялардың үш субъектісі ұлттық жобаға қатысып, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға кірісті. Ал мамандар тарифтердің негізділігі мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қадағалап отыр.