Жастар мемлекеттік қызметке қалай орналаса алады?
Мемлекеттік қызмет – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді. Ақпараттық семинарда конкурсқа қатысу талаптары мен қызметке іріктеу кезеңдері турасында айтылды.