Отбасы құндылығы – қоғам игілігі
Отбасы құндылықтарын әлсіретудің салдары, нығайтудың жолдары қандай? Салмақты сауалдың жауабын саралаған жиын Жамбыл ауданында өтті.
Форумда отбасын құру, шаңырақ көтерудің мәнін бейнеленген көрініс ұсынылды. Іс-шара аясында Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығы» мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Сондай ақ отбасы институтын нығайту, ұлттық тәрбие мен өзара сыйластықты дәріптеу мәселелері талқыланды.