Негізгі Жаңалықтар Жүк көліктеріне бақылау күшейді

Жүк көліктеріне бақылау күшейді

Қауіпті жүк тасымалдайтын көліктерге бақылау күшейді. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолында рейд өтіп, арнайы көліктер тоқтатылып, тасымалдау талаптарының сақталуы тексерілді. Рейдтік іс-шараны Жамбыл өңірлік көлік прокуратурасы мен көліктік бақылау инспекциясы ұйымдастырды. Мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қауіпті жүк тасымалы кезінде болуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу.


Бөлісу