Жұмысшылар құқығы тапталмауы тиіс
Жыл басынан бері облыста 143 тексеру жүргізіліп, 155 заң бұзушылық анықталған. Оның 122-сі еңбек қатынастарына, 32-сі еңбек қауіпсіздігіне қатысты. Заң талаптарын бұзған жұмыс берушілерге 82 нұсқама беріліп, 38 әкімшілік қаулы шығарылған. Ал айыппұл көлемі 8 миллион 172 мың теңгені құрап отыр. Жұмыс орнындағы заң бұзушылықтарға жол бермеу, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері аппараттық кеңесте талқыланды. Жиында жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеліп, еңбек қатынастарын реттеу бағытындағы жұмысты күшейту тапсырылды.