Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді
Келесі жылы елде әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді. Мәселен, енді төлемді есептеген кезде жұмыссыз азаматтың ғана емес, оның отбасының да табысы ескеріледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.