Негізгі Жаңалықтар Жер асты суы - мол өнім кепілі

Жер асты суы - мол өнім кепілі

Қазір күздік жиын-теріннің қызған шағы. Жүгеріні жинау қарқын ала түссе, енді қант қызылмашысын қазу да басталмақшы. Ал пиязды жинау науқаны аяқталып келеді. Соңғы жылдары су тапшылығы қатты сезілуде. Дегенмен де, құдық қазғандардың ұпайы түгел.

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылына қарасты «Ақкөл» шаруа қожалығы ерте көктемде 200 гектар жерге пияз ексе, енді міне егістік алқаптағы өнімді жинау науқаны да аяқталып та келеді. Олар судан тапшылық көре қоймапты. Егістік алқап маңынан 6 құдық қазып, жер асты суын тиімді пайдаланып жатыр. 100 гектар тәлімдік жерге тамшылатып суару жүйесін енгізіпті. Соның арқасында түйінді түйнектің шығуы да жақсы. Түсімі жоғары. Әр гектарынан 90-100 тоннадан айналуда.

Бөлісу