2030- жылға дейін электр желілері толық жаңғырады
Жамбылда электр желілерінің тозу деңгейі 75,8 пайызды құрайды. Биыл бар болғаны 0,1 пайызға ғана жаңғырта алған. Бұл мәселені шешу мақсатында өңірде «Жамбыл электр желілері» серіктестігінің 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында қосалқы станцияларға арналған жабдықтарды сатып алу, автокөлік пен арнайы техникалар паркін жаңарту, сондай-ақ электр беру желілерін қайта жаңғырту көзделген.