Негізгі Жаңалықтар Елімізде 1,3 млн, жамбылда 48,5 мың тал егілді

Елімізде 1,3 млн, жамбылда 48,5 мың тал егілді

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ауқымды экологиялық жұмыстар атқарылып келед. Өңірде ондаған акция ұйымдастырылып, мыңдаған тұрғын көгалдандыру мен тазалық шараларына қатысты.

Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының өңірлік жоспары 2029 жылға дейін бекітілген. Жалпы жоспар 47 іс-шарадан тұрады. Оның 19-ы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар болса, қалған 28-і экологиялық білім беру мен тұрғындардың экологиялық сауатын арттыруға арналған. Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында биыл 15 экологиялық акция ұйымдастырылды.

Бөлісу