«Senat Open» — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен өтетін ауқымды республикалық шахмат турнирі. Дәстүрлі жарыс өңірлерде іріктеу, ширек финал және жартылай финал кезеңдері бойынша өткізіліп, ең үздік ойыншылар Астанадағы үлкен финалда бақ сынайды.


Бұл додаға жылда Жамбылдықтар қатысып үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Мысалы, былтыр жалпыкомандалық есепте екінші орын алса, биыл үздік үштіктен көрініп отыр. Осыған орай бүгін оларды Облыстық маслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев құттықтап, сый – құрмет жасады. Арнайы құттықтауын жеткізіп, шахмат турнирінде ардагерлердің деңгейі жоғары екеніне тоқталды.