Алимент төлемегендерге заң қатаң. Аймақта жыл басынан бері 305 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейбіріне қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, сот орындаушылары мыңдаған атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз етіп, мемлекет қазынасына миллиардтаған теңгенің өндірілуіне ықпал еткен. Бүгін осы саладағы жартыжылдық жұмыс қорытындыланды.
Бүгінде облыста 82 жеке сот орындаушысы мен 15 мемлекеттік сот орындаушысы қызмет атқарады. Жыл басынан бері олардың өндірісінде 476 мыңнан астам атқарушылық құжат болған. Оның 131 мыңнан астамы орындалып, 60 мыңнан астам іс толық аяқталған. Ал алимент өндіру бойынша 18 мыңнан астам іс жүргізіліп, 97 миллион теңгеден астам қаражат өндірілген.