2026 жылдың жарты жылдығында Жамбыл облысының орман қоры аумағында жалпы ауданы 363,8 гектар болатын 15 орман өрті оқиғасы тіркелді. Өрттен келген шығын көлемі 613,6 мың теңге. Қызыл жалынның шығуына себеп болған 5 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды.Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Бұдан бөлек «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының орындалу барысы қаралды.
Биыл аймақта 15 орман өрті оқиғасы тіркелді. Өрттен келген шығын көлемі 613,6 мың теңге.Оның бесеуі адами фактор, біреуі найзағай отының түсуінен, тоғызының шығу себебі белгісіз.Қызыл жалынның шығуына себеп болған 5 азаматқа 216,3 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, 83,9 мың теңге табиғатқа келтірілген залал талап арыз берілді. Салынған айыппұл мен келтірілген шығын көлемдері толық өндірілді. Орман өрттерінің басым бөлігі наурыз, сәуір айларында тіркелген.