Құрылтай сайлауына қатысатын барлық партиялар үміткерлердің тізімін бекітті. «Әділет» партиясынан 186 кандидат, «Ақ жол» партиясынан 63, «Ауыл» партиясынан 69 кандидат іріктелді. Сондай-ақ, «Байтақ» партиясынан 51, Қазақстан халық партиясынан 72, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан 33 және «Республика» партиясынан 76 адамның тізімі жарияланды.