Таразда «Оңтүстік арландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне құрмет көрсетілді. Олар XII Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем етті. Осы айтулы жеңіске орай жас сарбаздарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Ержан Ыбраев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы құттықтады.


Салтанатты шарада сөз сөйлеген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ыбраев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов халықаралық «Айбын» жиынындағы жеңіс жас сарбаздардың қажырлы еңбегі мен тиянақты дайындығының нәтижесі екенін атап өтті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Жамбыл облысы әкімдігі атынан естелік сыйлықтар да табысталды.