Қазақстанда қыздар да әскерге міндетті түрде шақырылуы мүмкін бе? Бұл сұрақ қоғамда қызу талқыға түсті. Әйелдер үшін міндетті әскери қызмет енгізу туралы ерекше ұсынысты бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев айтқан. Оның айтуынша, Конституцияда Отан қорғау – әр азаматтың парызы. Ендеше бұл міндет ерлерге ғана емес, әйелдерге де бірдей жүктелуі керек. Бірақ арулар қолына қару алып, әскери форма киюге дайын ба?


Елімізде мерзімді әскери қызмет ер азаматтарға ғана міндетті. Ал қыз-келіншектер әскер қатарына тек келісімшарт арқылы қабылданады. Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев ел қауіпсіздігін жалпыға ортақ міндет болған соң, әйелдерге де әскери қызметті міндеттеу туралы ұсыныс білдірген. Оның пікірінше арулар да ерлермен иық тіресе қызметін абыроймен атқара алады.