Таразда өрттің алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғын үй секторын аралады. Түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеруде. Негізгі мақсат – өрт қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Жаз мезгілінде өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелеріне түсетін жүктеме бірнеше есе артады. Аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан табиғи және тұрмыстық өрттердің саны көбейіп, «101» және «112» қызметтеріне келіп түсетін қоңыраулар жиілейді. Әрбір хабарлама жедел қабылданып, диспетчерлер оқиға туралы ақпаратты лезде өңдейді. Ал құтқарушылар кез келген сәтте шақырту орнына аттануға дайын.