Пушкин – деген көше бар көне Таразда. Иә, әрбір көше жай ғана қала инфрақұрылымының бір бөлігі емес, қаланың әр кезеңдегі даму тарихын сақтап келе жатқан өзіндік шежіре.Әр көшенің маңызды оқиғалармен, белгілі тұлғалармен және сәулеттік өзгерістермен сабақтас өз тарихы бар.
Ұзындығы 3,7 шақырым болатын Пушкин көшесі Тараз қаласының Әулиеата ауданында орналасқан. Ол Абай және Жамбыл даңғылдарымен, Байтасов, Бектұрғанов, Желтоқсан және басқа да көшелермен қиылысады. Көше «Көне Тараз» кешенінен басталып, 15-шағынауданда аяқталады. Тараздағы Пушкин көшесі – қаладағы ең көне әрі ең танымал көшелердің бірі. Ол ұлы ақын Александр Сергеевич Пушкиннің есімімен аталған және Тараздың тарихи мұрасының бір бөлігі саналады.