Таразда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Әбдірахмановтың жүлдесіне арналған халықаралық бокс турнирі басталды. Дәстүрлі додаға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысуда.


Дәстүр бойынша турнир Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен және қазақтың ұлттық биімен салтанатты түрде ашылды.