Еліміздің Қарулы Күштерінінің құрамында әскери бірлік ретінде жылқылармен қамтылған жалғыз бөлімше бар. Ол – Жуалы ауданындағы 91/678 әскери бөліміндегі рота. Әскери бөлім қандай жұмыс атқарады? Оның тиімділігі мен ерешелігі неде?
Аталған арнайы мақсаттағы таулы-егерлі полк қазіргі таңда ТМД елдері бойынша бірегей әскери құрылым саналады. Мұнда таулы аймақтарда қызмет атқаруға арнайы үйретілген аттар қолданылады. Әскери техника өте алмайтын қиын шатқалдар мен биік таулы жерлерде дәл осы аттар жеке құрамды тасымалдап, тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар оқ-дәрі, қару-жарақ және басқа да ауыр жүктерді жеткізуде маңызды рөл атқарады.