Таразда белгілі қаламгер, журналист Арғынбай Бекбосынұлының қызы журналист Жәмила Бекбосынованың «Қыз мұраты-бақыт» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жиынға ақын-жазушылар,автордың жақындары қатысып,жаңа туындының тәрбиелік маңызы туралы пікір алмасты. Шара барысында автор оқырмандармен кездесіп, кітаптың жазылу тарихы мен негізгі идеясын баяндады. Бұл туындыда қазақ қызының тәрбиесі, отбасы құндылықтары мен ұлттық болмысы туралы жазылған. Осылайша қаламгер қазіргі қоғамдағы нәзікжандыларды алаңдататын өзекті мәселелерді шығарма арқылы оқырманға жеткізуге тырысқан.