Қазақстан бойынша алғаш рет Жамбылда балалар ауруларын кешенді емдеу бағытында ауқымды семинар өткізілді. Өңірдің 62 медицина қызметкеріне Астана қаласынан келген білікті дәрігерлер шұғыл көмек көрсету дағдыларын және науқастарды жаңаша емдеу тәсілдерін үйретуде.


Бұл семинарды арнайы елордадан келген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары өткізуде. Семинарда Қазақстанға негізделіп жасалған қалта анықтамалығы таныстырылып, оны науқастарға қолдану жолдары түсіндірілді.