Елімізде шілденің төртінші жексенбісі – Сауда қызметкерлері күні ретінде аталып өтеді. Бүгінде Қазақстанда сауда саласында 1,5 миллионнан астам адам еңбек етеді. Солардың бірі – тараздық кәсіпкер Наргиза Османова. Ол осыдан он жыл бұрын шағын саудадан бастап, бүгінде кәсібін кеңейтіп, өз өнімін халыққа ұсынып жүр.
Наргиза Османова – осы сала майталмандарының бірі. Ол кәсіпті он жылдан астам уақыт бұрын үйінің ауласында өсірген қиярын сатудан бастаған. Кейін кәсібін кеңейтіп, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың көмегімен жылыжай салып, бүгінде өздері өсірген қияр мен қызанақты халыққа ұсынып келеді. Оның айтуынша, саудада ең бастысы – адал еңбек пен тұтынушының сенімі.