Толтырылған сайлау бюллетенін суретке түсіруге бола ма? Сайлауалды үгіт кезінде қандай талаптар өзгерді? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға аумақтық сайлау комиссиясында өткен семинар-кеңесте жауап берілді. Басқосуға саяси партиялардың өкілдері қатысты.
Кездесуде 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға дайындық барысы талқыланды. Мамандар сайлауалды үгіт жүргізудің жаңа талаптарын түсіндіріп, заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Енді дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы сайлау науқаны үшін арнайы дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға жол берілмейді.