«Өнер деп соққан жүрегі!» Осындай атаумен әнші, күйші, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Амангелді Тілептің шығармашылық кеші өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған думанды іс шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының ардагерлері, өнерпаздар, шәкірттері мен өнерсүйер қауым қатысты.


Амангелді Тілеп Шығармашылық кешінде әуелі халық әндеріне кезек берді. «Ақсұңқар», «Қымыз құйғыш», «Үкілі қыз», сондай-ақ «Құрбымнан хат», «Қазақтың келіндері-ай» сынды әндер қалықтады. Сосын өнерпаз күйшілік өнерін де көпшілікке паш етті.