Баскетболшыларға базарлық. Жуырда Жамбыл облыстық білім басқармасына қарасты, ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар орталығының тәрбиеленушілері кәсіби спорттық киім мен жаңа баскетбол доптарына ие болды. Бұл қолдау жас спортшылардың жаттығу процесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.


Алдағы уақытта жасөспірімдер Астана қаласында өтетін ірі жарыста Жамбыл облысының намысын қорғайды. Осыған байланысты жергілікті баскетбол федерациясының өкілдері мен демеушілер спортшыларды қолдауды дер кезінде ұйымдастырып, олардың дайындық сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлді.