Жамбыл ауданында да біраз жылдан бері кезекте тұрған жандар қуанышқа кенелді. Аса ауылында бой көтерген 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, жаңа қоныс иелеріне баспана кілттері табысталды. Пәтерлер екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға үлестірілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.
Бүгін Аса ауылында ел игілігіне берілген бес қабатты тұрғын үйде 120 отбасы қоныс тойын тойлады. Баспаналар әлеуметтік осал санатқа жататын, атап айтқанда ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға берілді.