Өнер-ұлттың рухани байлығы. Ал сол өнерді бір отбасының бірнеше буыны қатар алып жүруі-сирек кездесетін құбылыс. Мойынқұм ауданындағы Омаровтар әулеті ұлттық өнерді ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан өнегелі отбасылардың бірі.
Ансамбль алғашында «Қуаныш» фольклорлық ансамблі деген атаумен құрылды. Ұжымның негізін қалаған Мақсұт Омаров пен жұбайы Ләззат Мерекенова балаларын кішкентайынан өнерге баулып өсірді. Нәтижесінде бүгінде отбасының әр мүшесі музыка мен өнердің әртүрлі бағытын меңгерген. Қазақтың ұлттық өнерін насихаттап жүрген отбасы ауданның мәдени өміріне белсенді қатысып келеді. Бірлігі жарасқан өнерлі әулет көпшілікке үлгі бола бермек.