Обылста 200 мың ға жуық бала жазғы лагерге барады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 662 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. 15 мыңнан астам жас қала сыртындағы демалыс орындарын таңдаса, қалғаны орталықтарда уақыт өткізбек. Аймақтағы алты оқу-сауықтыру алаңы жазғы маусымға дайын. Ал 407 мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін 32 мыңға жуық баланы қамтымақ.


Бұл – Тараздағы жайлы мектептердің бірі. Қоңырау үні саябырсығанымен, мектеп іші әлі де баланың күлкісіне толы. Себебі жазғы лагерь өз жұмысын бастап кеткен. Қазір мұнда 230 бала келіп, уақытын тиімді өткізуде. Олар «Жаз–2026» жобасы аясында ұйымдастырылған алты бағыт бойынша түрлі іс-шараларға қатысып, қызықты ойындар мен танымдық бағдарламаларға